АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ШЕШІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/TDCX3105Тірек сөздер:
биокөмір, пиролиз, топырақ, атомдық-эмиссионды спектроскопия, ик-спектр, ауыр металл, элементтік анализ, сканерлейтін электронды микроскопияАңдатпа
Топырақтың ауыр металдармен ластануы қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті бұл зерттеудің мақсаты ауыр металдармен (Ni және Pb) латанған топырақты биокөмір көмегімен тазалау және биокөмірдің топыраққа әсерін бағалау болып табылады. Биокөмір ретінде ауыл шаруашылығы қалдықтары (қант қызылшасы,тауық көңі) алынды. Биокөмір 450°С температура 1 сағатта пиролиз процессі арқылы алынды. Алынған биокөмірдің физика-химиялық қасиеттері (ИК-спектр, СЭМ) зерттелінді. Топырақтың ауыр металдармен ластануын модельдеу процесі жүргізілді. Ол үшін 200 мг/л концентрацияда Pb(NO3)2 ерітінді дайындалды. Ерітінді 500 гр топыраққа құйылып, қант қызылшасынан жасалған биокөмір 1%, 5% ,10% араластырылды. 30 күн инкубациялық период нәтижесінде элементтік анализ арқылы ауыр металдың концентрациясының өзгерісі байқалды. Биокөмірдің топыраққа әсері жүгері отырғызу арқылы бақыланды.
