САРЫСУ АУДАНЫ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАБИҒИ ТҰЗЫН АСХАНАЛЫҚ ТАҒАМДЫҚ ТҰЗ ӨНДІРУ ҮШІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

САРЫСУ АУДАНЫ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАБИҒИ ТҰЗЫН АСХАНАЛЫҚ ТАҒАМДЫҚ ТҰЗ ӨНДІРУ ҮШІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А.М. Байтуреев М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
  • Ж.А. Ертаева «Бiлiм», кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі ЖШС, Тараз, Қазақстан
  • А.Т. Оңлабекова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
  • А.Б. Мынбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/QQEG6278

Тірек сөздер:

асханалық тағамдық тұз, тұз кен орындары, технологиялық жарамдылық, химиялық құрам, қоспалар, тұз сорттылығы, бағалау

Аңдатпа

Мақалада Жамбыл облысы Сарысу ауданы кен орындарының табиғи тұзы асханалық тағамдық тұз өндіруге арналған әлеуетті шикізат ретінде технологиялық тұрғыдан бағаланды. Зерттеудің мақсаты – тұз шөгінділерінің химиялық құрамының ГОСТ 13830–91 талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тағам өнеркәсібінде өнеркәсіптік пайдаланудың мүмкіндігін негіздеу. Зерттеу барысында зертханалық талдаулар кешені жүргізіліп, алынған нәтижелер тағамдық тұздың сорттылығына қойылатын нормативтік көрсеткіштермен салыстырылды. Зерттелген кен орындарының көпшілігі құрамындағы қоспалардың болуына байланысты тікелей пайдалануға жарамсыз екендігі және қосымша технологиялық өңдеуді қажет ететіні анықталды. Ең перспективалы нысан ретінде натрий хлоридінің жоғары мөлшерімен және жоғары сорт талаптарына жақын көрсеткіштерімен сипатталатын «Майдегенкөл» кен орны белгіленді. Өнімнің сорттылығын арттыру мақсатында тазалау және қайта кристалдандыру үдерістерін қолданудың технологиялық тұрғыдан тиімділігі негізделді. Алынған нәтижелер табиғи тұзды қайта өңдеудің технологиялық регламенттерін әзірлеуде және тағам өнеркәсібі үшін өңірлік шикізат базасын қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...