БОГАРНАЯ-56 СОРТЫНАН АЛЫНҒАН БИДАЙ ҰНЫН НАУБАЙХАНАДА ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/PAUA6927Тірек сөздер:
бидай, ұн, қамыр, наубайханалық қасиеттері, физикалық-химиялық көрсеткіштері, зертханалық сынақ нан, дегустацияАңдатпа
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің халықаралық инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор А.С. Ахметов атындағы «Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ҒЗЗ-да, «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының зертханаларында Жамбыл облысында (Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында) өсірілген Богарная-56 сортты бидай дәнінен алынған ұнның физика-химиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді. Ұсынылған үлгілерді зерттеу барысында ұнның сапалық көрсеткіштерін бағалаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері қолданылды. Зерттеуге алынған нысандардың химиялық құрамы анықталынды, бұл өз кезегінде сынақ нан пісіруге арналған рецептураны жасауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде алынған эксперименттік мәліметтерге сүйене отырып, Богарная-56 (Т. Рысқұлов ауданы) сортынан алынған бірінші сұрыпты бидай ұны, басқа ұндармен салыстырғанда құрамындағы ақуыздың жоғары мөлшерімен, яғни 17,3% болуымен ерекшеленді. Ақуыз мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғырлым ұн нан пісіруге қолайлы болады.