ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНСЫЗ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР АРҚЫЛЫ БЫЛҒАРЫНЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНСЫЗ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР АРҚЫЛЫ БЫЛҒАРЫНЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • С.Ш. Сабырханова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/PTBD6834

Тірек сөздер:

табиғи ресурстар, былғары, илегіш заттар, тері илеу, аяқ киім, ұлтарақ

Аңдатпа

Бұл мақала шолу сипатында болып, соңғы жылдардағы былғарыны экологиялық қауіпсіз әдістермен өңдеу саласындағы зерттеулерді жүйелеуге, салыстыруға және талдауға бағытталған. Әлемдік тәжірибеде өсімдік сығындыларын, табиғи заттарды және қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін қолданудың артықшылықтары мен шектеулері қарастырылады. Жүйелі әдебиеттерді сараптау арқылы былғарыны илеу әдістерінің қазіргі тенденциялары көрсетіледі. Бұл ғылыми шолу қазіргі заманғы былғары өңдеу саласындағы экологиялық тұрақты технологияларды дамытуға бағытталған бірнеше өзекті ғылыми бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, жергілікті өсімдік текті шикізаттардан алынған сығындыларды пайдалану арқылы илеу технологияларын әзірлеу, аяқ киім өндірісінде, әсіресе табан ұлтарағын дайындауда қайта өңделген былғарыларды қолдану мүмкіндіктері талданады. Жұмыста теріні өңдеудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда жаңа экологиялық қауіпсіз тәсілдердің қоршаған ортаға әсері бағаланып, олардың тұрақты өндіріс қағидаттарына сәйкестігі айқындалады. Шолудың ғылыми жаңалығы – экологиялық әдістерді салыстырмалы талдау, олардың даму бағыттарын айқындау және Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Отандық теріні өңдеудің тұрақты және ресурстарды үнемдейтін технологияларын қолдану өндірістің экологиялық әсерін едәуір қысқартуға және жоғары сапалы және қауіпсіз тауарлар жасауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...