ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ МИНЕРАЛДАНҒАН СУЛАРДЫ ТҰЩЫЛАНДЫРУ КЕЗІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ МИНЕРАЛДАНҒАН СУЛАРДЫ ТҰЩЫЛАНДЫРУ КЕЗІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Т.Ш. Устабаев Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Тараз қ.,Казақстан
  • Г.С. Алимбетова Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Тараз қ.,Казақстан
  • Б.М. Жаксыбек Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Тараз қ.,Казақстан
  • С.Ж. Ахатова Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Тараз қ.,Казақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/NNJA4753

Тірек сөздер:

көмір өнеркәсібі, ластаушы заттар, сүзу, тазарту құры, су дайындау

Аңдатпа

Бұл зерттеудің өзектілігі әсіресе шалғай мал шаруашылығы жағдайында минералданған суларды тұщыландыру технологияларына экологияға әсерді барынша азайтуға бағытталған жаңа тәсілдерді енгізумен байланысты. Ұсынылған шешім экологиялық жағдайды жақсартуға және минералданған суларды тұщыландыру барысында түзілетін тұзды сулар мен регенерациялық ерітінділерді кәдеге жарату әдістерін жетілдіруге ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – қолданыстағы тұщыландыру әдістерін жетілдіруге бағытталған эксперименттік зерттеу жүргізу. Зерттеу барысында су қоймаларына немесе булану алаңдарына ағызылатын химиялық ерітінділер мен тұзды сулардың жағымсыз әсерін азайтуға бағытталған технология әзірленді, бұл экологиялық жағдайдың нашарлауын едәуір төмендетеді. Жұмыста әртүрлі әдістер қолданылды: аналитикалық, эксперименттік, функционалдық, статистикалық, сондай-ақ жіктеу және синтез әдістері. Минералданған сулардың құрамы талданды, тазарту кезіндегі қателіктер мен олардың себептері анықталды. Химиялық ерітінділер мен тұзды сулардың қасиеттері, олардың қоршаған ортаға әсері және жағымсыз әсерлерді азайту жолдары қарастырылды. Ерекше назар тұщыландырудың оңтайлы технологиялық режимдерін таңдауға аударылды, бұл жабдықтың ең тиімді жұмыс режимдерін таңдауға және су дайындау процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді, экологиялық мәселелерді табысты шешуге септігін тигізеді. Зерттеудің практикалық маңызы оның нәтижелерінің өндірісте және жайылымдық аумақтарды суландыруда қолданылуында. Сондай-ақ, бұл зерттеу тұзды суларды тұщыландырудың және химиялық ерітінділерді кәдеге жаратудың жаңа әдістерін әзірлейтін ғалымдарға пайдалы болады. Бұл өндірістік шығындарды азайтуға және процестің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...