ЖҮГЕРІ ЖІБЕГІНІҢ СЫҒЫНДЫСЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН АЙРАННЫҢ МАЙ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

ЖҮГЕРІ ЖІБЕГІНІҢ СЫҒЫНДЫСЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН АЙРАННЫҢ МАЙ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А.Ж. Айтбаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан
  • М.К. Касымова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан
  • М.Ж. Кизатова С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, Алматы, Қазақстан
  • Р.С. Алибеков М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан
  • М.Д. Кенжеходжаев М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/FNPN7877

Тірек сөздер:

айран, май қышқылы, зерттеу, құрам, сапа

Аңдатпа

Ашытылған сүт өнімі – айранның тағамдық және энергетикалық құндылығы құрамын балғын жүгері шашағының сығындысымен байытқанда артатындығы белгіленді. Балғын жүгері шашағының сулы сығындысымен байытылған айранның май қышқылдық құрамының биологиялық құндылығы біршама жоғары екендігі анықталды. Өнімде метил бутират пен метилцис-11,14-эйкосадиеноаттың болуы өнімнің биологиялық тиімділігін көрсетеді. Метилцис-10-пентадеканоат, метилцис-9-олеат, метилнейронат минималды мөлшерде кездеседі, ал метилундеканоат және метиллаурат, метилтрикосанатының іздері бар. Омега-6 май қышқылының өкілі саналатын метилцис-5,8,11,14-эйкосатриеноатының айранның құрамындағы мөлшері 0,00413% құрады. Омега-3 және омега-6 қатынасы 1:2 болуы шарт. Ұсынылып отырған өнімде бұл екі май қышқылының қатынасы 1:1,87 құрады. Балғын жүгері жібегі құрамында пантотен қышқылы (дәрумен B5) бар және ол қышқылдың құрамында β-аланин мен пантоин қышқылы (2,4-дигидрокси-3,3-диметилмай қышқылы) болуы май қышқылын белсендіреді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...