ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНЕН ШЕКТЕТІЛГЕН ТАУЫҚ ЕТІ МЕН БРОЙЛЕР ТАУЫҚ ЕТІНІҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ICP-MS ӘДІСІМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНЕН ШЕКТЕТІЛГЕН ТАУЫҚ ЕТІ МЕН БРОЙЛЕР ТАУЫҚ ЕТІНІҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ICP-MS ӘДІСІМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Э.Б. Ешаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • А.М. Таева Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Б.Т. Абдижаппарова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/FTSJ4917

Тірек сөздер:

жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауықтың сан еті, макро-микроэлементтер, сирақ еті, төс еті

Аңдатпа

Ет саласының өзекті мәселесінің бірі ақуызды шикізат қорын тиімді пайдалану, өңдеу өндірістерінде шикі ет ресурстарының тапшылығының орнын толтыру үшін жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауық етін ұтымды пайдалану шешімдерін қарастыру. Зерттеудің мақсаты тауық еттерінің минералдық құрамын анықтау, ет өндірісі мен жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауық етінің макро-микроэлементтерінің көрсеткіштерін салыстырмалы бағалау. Зерттеу барысында «Сарыағаш құс» ЖШС-нің өндірістен шектетілген тауықтың, бақылау үлгісі ретінде ет өндіру бағытындағы «Алель-Агро» АҚ-ның тауық ұшаларының сирақ, төс, сан еттерінің минералдық құрамы ҚР СТ ИСО 17294-2-2006 Varian-820MS бойынша индуктивті байланысқан плазмасы бар масс-спектрометрде зерттелді. Тауық еттерінің құрамында натрий, магний, фосфор, калий, кальций макроэлементтері және алюминий, мырыш, кремний микроэлементтері бар екені келтірілді. Жұмыртқа өндірісінен шектетілген тауық ұшасының сирақ етінде салмақтық % бойынша Na – 7,16; Mg – 2,85; К – 25,96; төс етінде Na – 5,35; Сa – 1,24; сан етінде Р – 17,42; К – 28,71; Mg – 2,55 мөлшері ет өндірісі бағытындағы тауық етінің құрамымен салыстырғанда жоғары екенін көрсетті. Екі бағыттағы еттердің құрамындағы маңызыды макро- және микроэлементтердің бір-бірінен айырмашылығы шамалас.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...