АЛЮМИНИЙ ҰНТАҒЫНЫҢ БЕТОННЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ECUX7838Тірек сөздер:
газдалған бетон, ұялы бетон, алюминий ұнтағы, өндірістік қалдықтарАңдатпа
Газдалған бетон өндірісі газ түзетін қоспаларды – негізінен алюминий ұнтағы немесе паста көмегімен жүзеге асырылады. Олар кальций гидроксидімен сулы ортада әрекеттеседі, нәтижесінде сутегінің бөлінуіне байланысты кеуектер пайда болады. Енгізілген газ түзетін агенттің көлемі соңғы өнімнің қажетті сипаттамаларына байланысты таңдалады. Бұл жұмыстың мақсаты – төмен кальцийлі күлді және домна пешінің қожын қолдану арқылы алынған жеңіл газды бетонның физика-механикалық қасиеттерін зерттеу. Қоспадағы алюминий ұнтағының дозасын ұлғайту кеуектіліктің жоғарылауынан материалдың тығыздығының төмендеуіне әкелетіні анықталды, бұл өз кезегінде оның қысу және иілу кезіндегі беріктігіне теріс әсер етеді.