ЕШКІ СҮТІН СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/KFMS7576Тірек сөздер:
ешкі сүті, сүтқышқылды өнімдер, майсыздандырылған сиыр сүті, функционалды өнімдерАңдатпа
Адам денсаулығының жағдайы көбінесе экологиялық, әлеуметтік және басқа факторлардың әсерінен бұзылатын тағамның сапасына, деңгейіне және құрылымына байланысты. Көптеген негізгі және кіші компоненттері бар күрделі химиялық жүйелер болып табылатын тамақ өнімдері ағзаға әртүрлі физиологиялық әсер етеді. Бұл дене функцияларының бұзылуының алдын алу мақсатында тамақтану рационың қолдануға мүмкіндік береді. Соңғы кездері сиыр сүтіне төзбеушілігі бар адамдар санының өсуі байқалды, бұл балама көздерді іздеуді қажет етеді. Осындай алмастырғыштардың бірі – тағамдық құндылығы жоғары және арнайы мақсаттағы өнімдерді, соның ішінде балалар тағамын өндіруде қолданылатын ешкі сүті. Негізінде, әлемдік тәжірибеде ешкі сүті негізінен ірімшік жасау үшін шикізат ретінде қарастырылды. Алайда, функционалды тамақ өнімдерін құру контекстінде оның технологиялық қасиеттерін зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулер жеткіліксіз болып келеді. Ұсынылған мақалада ешкі сүті мен майсыздандырылған сиыр сүтінің физика-химиялық құрамын зерттеу нәтижелері көрсетілген, функционалды сүт қышқылды өнімдерінің технологиясын жасауда сүттің осы түрлерін пайдалану мүмкіндігі зерттелген.

