ӨСІМДІК ҚОСПАСЫ ҚОСЫЛҒАН СИЫР СҮТІ МЕН СОЯ СҮТІ НЕГІЗІНДЕГІ ЙОГУРТТЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/HTHL7093Тірек сөздер:
функциональды бағыттағы йогурт, соя сүті, көкөністі қоспа, пробиотиктер, сүтті-өсімдікті қоспа, биобелседі қоспалар, тағамдық инновацияАңдатпа
Салауатты өмір салты мен функционалды тағамдарға деген қызығушылықтың артуы сүт өнеркәсібінде, оның ішінде функционалды йогурттарды әзірлеуде инновациялық өнімдердің жасалуына түрткі болды. Бұл зерттеудің мақсаты – сиыр сүті мен соя сүтінің қоспасы негізінде биологиялық белсенді заттарға бай көкөніс қоспаларымен байытылған функционалды йогурт дайындау және оның қасиеттерін бағалау. Зерттеу міндеттері сүт қоспасының оңтайлы құрамын таңдау, пробиотикалық дақылдарды іріктеу және өнімнің тағамдық әрі функционалдық құндылығын арттыратын көкөніс қоспаларын анықтау болды. Бұл зерттеу ғылыми әрі қолданбалы маңызға ие, себебі ол функционалды тағамдардың ассортиментін кеңейтуге және олардың денсаулыққа пайдасын арттыруға бағытталған. Әдістемеге Lactobacillus және Bifidobacterium негізіндегі ашытқыларды пайдалана отырып, әртүрлі пропорцияларда сәбіз бен асқабақ қосылған эксперименттік йогурт үлгілерін дайындау кірді. Өнімнің тағамдық құндылығы, пробиотиктердің тіршілікке қабілеттілігі, органолептикалық қасиеттері және сақтау кезеңіндегі тұрақтылығы бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, алынған сүтті-өсімдік негізіндегі йогурт жоғары тағамдық құндылыққа, тұрақты пробиотикалық белсенділікке және жақсы органолептикалық қабылдауға ие. Бұл өнім дәстүрлі йогуртқа функционалды балама ретінде қарастырылып, денсаулығына мән беретін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алады.

