ТЕКСТИЛЬ МАТАЛАРЫНЫҢ АУА ӨТКІЗГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/DVFC6420Тірек сөздер:
текстиль матасы, талшықты құрам, сынақ эксперименті, сынақ хаттамасы, сапа, ауа өткізгіштік қасиет, нормативтік-техникалық құжаттамаАңдатпа
Мақалада заманауи талаптарға сәйкес болу мақсатында шығарылатын текстильдік материалдарыдың табиғи қасиеттерінің сақталуы, соның ішінде ауа өткізгіштік көрсеткіштерін зерттеу сұрақтары қарастырылған. Талшықтық құрамы табиғи және синтетикалық болып келетін текстильдік маталарға арналған нормативтік-техникалық құжаттамаларда белгіленген талаптар бойынша, әртүрлі өндірістен шығарылған текстиль маталарының ауа өткізгіштік қасиеттерін зерттеу мақсатында сынақ тәжірибесі жүргізілген. Жұмыста талшықты құрамдары әртүрлі болып келетін текстиль талшықтарының түрлерінен араластырылып тоқылған, қазіргі таңда жаңа технологияларға сәйкес дайындалған жүн және жартыфлай жүн талшықты маталар ассортименті қарастырылған, таңдап алынған маталар ассортимен-тіне қойылатын нормативтік-техникалық құжаттамалардың қатаң талаптары ескерілген, соған сәйкес маталардың ауаөткізгіштік көрсеткіштерін анықтау сынағы орындалған. Текстиль маталарының ауа өткізу қабілеті сияқты маңызды көрсеткіштері үшін, жұмыста осы салада кең қолданыстағы сынақ, бақылау және өлшеу құралдары мен әдістеріне талдау жүргізілген. Жұмыста текстиль маталарының, соның ішінде аралас жүн талшықты маталардың ауаөткізгіштік көрсеткіштерін өлшеу нәтижесінде алынған көрсеткіштерді бағалау арқылы сараптау жұмысы орындалған.