ИЛЕНГЕН КИІЗ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРУ ҮШІН БИКОМПОНЕНТТІ МАТЕРИАЛДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

ИЛЕНГЕН КИІЗ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРУ ҮШІН БИКОМПОНЕНТТІ МАТЕРИАЛДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • М.А. Махмудова М. Ауезов атындығы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • Р.Т. Калдыбаев М. Ауезов атындығы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • М. Бернд RWTH Aachen university, Ахен қ., Германия
  • Ж. Серикулы М. Ауезов атындығы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • Г.Ю. Калдыбаева М. Ауезов атындығы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/LGIJ8137

Тірек сөздер:

иленген киіз, бикомпонентті материал, жүн талшықтары, физикалық-механикалық қасиеттер, электрлік микроскопия

Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты технология мен дизайн мәселелерін шешуге кешенді көзқарас негізінде сыртқы киімнің бөлшектерін қалыптастыру үшін киіз материалын әзірлеу технологиясын жасау болып табылады. Иленген киіз материалдарын пайдалану перспективасы жүн талшықтарының айрықша ерекшеліктерімен, ең алдымен жоғары гигиеналық қасиеттерімен – ауа өткізгіштігімен және ылғал сыйымдылығымен, тек табиғи жүнге тән қасиетімен, сонымен қатар тозуға төзімділігімен және пиллингке төзімділігімен байланысты. Жұмыс модификацияның сыртқы түрін, жүйелеу және кодтау әдістерін графикалық талдау және визуалды бағалау әдістерін қолдану арқылы орындалды. Зерттеудің эксперименттік бөлігі электрлік микроскоптың көмегімен материал элементтерінің микроқұрылымын зерттеуді, иленген киіздің физика-механикалық қасиеттерін зерттеуді қамтиды. Жұмыста эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу әдістері, толық факторлы экспериментті жоспарлау әдістері, жүйелік-құрылымдық болжау қолданылды. Жеке тапсырмаларды шешу үшін Microsoft Word, Excel, Photoshop, «CorelDRAW» бағдарламалары қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...