ВИТАМИНДЕЛГЕН ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШЫРЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/EHKF2564Тірек сөздер:
табиғи шырын, асқабақ шырыны, ашытылған орамжапырақ шырыны, апельсин шырыны, қияр шырыны, рецептура, технология, тағамдық құндылық, биологиялық құндылықАңдатпа
Қазақстанда табиғи шырын нарығы көбінесе импорттық өнімдерден тұрады, алайда отандық өндіріс қарқын алуда. Халықтың табиғи шырындарға деген сұранысы олардың экологиялық таза өнімдерге қызығушылықтарының артуына және денсаулыққа пайдалы қасиеттеріне көз жеткізе бастауына байланысты өсіп отыр. Зерттеу жұмысы асқабақ, ашытылған орамжапырақ және цитрус шырындары негізінде тағамдық құндылығы жоғары шырын технологиясын жетілдіруге бағытталған. Асқабақ пен оның шырынының құрамындағы каротин, витаминдер мен минералдар көз және жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі. Ашытылған орамжапырақ пен апельсин шырындары ас қорыту жүйесін жақсартып, ағзаны витаминдермен толықтырады. Ал қияр шырыны тағам өнімінің сіңуіне көмектесетін және асқорытуды жақсартып зат алмасуда маңызды рөл атқаратын органикалық заттарға бай. Мақалада шикізат ретінде көкөністер мен цитрус жемісінен алынған шырындардың биологиялық және органолептикалық көрсеткіштерін ескере отырып, олардан дайындалған жаңа «Шипа» шырынының рецептурасы мен технологиялық режимі құрастырылып, алынған шырындардың тағамдық және биологиялық құндылықтарын зерттеу нәтижесі көрсетілген.

