АРНАЙЫ ЖАСАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДАЛАЛЫҚ ФОРМАСЫН ТАЛДАУ

АРНАЙЫ ЖАСАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДАЛАЛЫҚ ФОРМАСЫН ТАЛДАУ

Авторлар

  • К.Е. Шәкір Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • А.Ж. Талгатбекова Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Ж.Е. Данадилова Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/AOEF8186

Тірек сөздер:

арнайы жасақ, далалық форма, камуфляж, арнайы киім жиынтығы, рипстоп

Аңдатпа

Мақалада арнайы жасақ қызметкерлерінің далалық формасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулердің нәтижелері талқыланады. Зерттеу жұмысының мақсаты – қолайсыз орта жағдайларында қызмет атқаруға арналған оңтайлы материалдарды анықтау және форманың функционалдық-конструктивтік шешімдерін жетілдіру. Зерттеу барысында су өткізбейтін хлопкоэфирлі камуфляж, шөгуі төмен хлопкоэфирлі камуфляж және поливискозды камуфляж маталарының қасиеттері зертханалық жағдайда ауа өткізгіштік, үзілу күші және тозуға төзімділік көрсеткіштері бойынша сыналды. Алынған нәтижелер әрбір материалдың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, арнайы жасақ қызметкерлерінен алынған сауалнамалардың нәтижелері конструкторлық шешімдерді жетілдіру үшін пайдаланылды. Мақалада әрбір материалдың толық сипаттамасы, жүргізілген сынақтардың нәтижелері және арнайы жасақ қызметкерлерінің пікірлері негізінде жасалған конструкторлық ұсыныстар келтірілген. Зерттеу нәтижелері арнайы жасақ қызметкерлерінің далалық формасын жасауда қолданылатын материалдарды таңдау және конструкторлық шешімдерді қабылдау кезінде ескерілетін маңызды ақпарат көзі бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...