ӨСІМДІК ЖӘНЕ СИЫР СҮТІНІҢ ҚОСЫНДЫСЫНАН ЖАСАЛҒАН ЙОГУРТТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

ӨСІМДІК ЖӘНЕ СИЫР СҮТІНІҢ ҚОСЫНДЫСЫНАН ЖАСАЛҒАН ЙОГУРТТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А.Б. Тапалова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан
  • Т.Ч. Тултабаева С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан
  • Ж.К. Имангалиева Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Е.Ғ. Өмірзақ Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/BAKH2842

Тірек сөздер:

тары сүті, сиыр сүті, биопродукт, функционалды тамақ өнімдері, В тобы дәрумендері, аминқышқылдық құрам, тағамдық құндылық, дік тектес сүт аналогтары

Аңдатпа

Осы зерттеуде сиыр сүтін (60%) тары сүтімен (40%) ішінара алмастырудың В тобы дәрумендерінің мөлшеріне және биопродуктінің аминқышқылдық құрамына әсері бағаланды. Нәтижелер бойынша бақылау үлгісінде (100% сиыр сүті) В1 дәруменінің (тиамин) мөлшері 0,05±0,010 мг/100 г болса, алмастырылған үлгіде 0,07±0,014 мг/100 г құрады. В2, В3 және В5 дәрумендерінің концентрациялары бақылау нұсқасында жоғарылау (тиісінше 0,18±0,075; 1,43±0,286; 0,33±0,066 мг/100 г) болып, тары сүті қосылған өнімде салыстырмалы түрде төменірек (0,16±0,067; 1,18±0,236; 0,21±0,038 мг/100 г) болғанымен, айырмашылықтар нормативтік шектерден аспайды. Аминқышқылдық талдау барлық алмастырылмайтын аминқышқылдарының болуын растады. Бақылау үлгісінде лизин мен пролин мөлшері тиісінше 0,343±0,117% және 0,486±0,126% болса, ішінара алмастырылған үлгіде бұл көрсеткіштер сәл төмендеу – 0,314±0,107% және 0,429±0,111% құрады. Дегенмен, екі өнім де нормативтік құжаттар талаптарына сай аминқышқылдық құрамға ие. Осылайша, тары сүтін қосу биопродуктінің биологиялық құндылығын төмендетпейді және оның дәрумендік-аминқышқылдық теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл тары шикізатын функционалды тамақ өнімдерін әзірлеуде қолданудың болашағы зор екенін көрсетеді.

Жүктеулер


Deprecated: explode(): Passing null to parameter #2 ($string) of type string is deprecated in /var/www/clients/client5/web36/web/lib/pkp/classes/template/PKPTemplateManager.php on line 2035

Жарияланды


Deprecated: Return type of Carbon\Traits\Date::createFromTimestamp($timestamp, $tz = null) should either be compatible with DateTime::createFromTimestamp(int|float $timestamp): static, or the #[\ReturnTypeWillChange] attribute should be used to temporarily suppress the notice in /var/www/clients/client5/web36/web/lib/pkp/lib/vendor/nesbot/carbon/src/Carbon/Traits/Timestamp.php on line 29
2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...