ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨСІРІЛГЕН ОТАНДЫҚ СҰРЫПТЫ БИДАЙЛАРДЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨСІРІЛГЕН ОТАНДЫҚ СҰРЫПТЫ БИДАЙЛАРДЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А.С. Боранкулова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • А.С. Умирбекова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • А.К. Садыбаев М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • Л.Ж. Алашбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • Б.Е. Солтыбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • М.Е. Ержанова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/SNMB4114

Тірек сөздер:

күздік бидай, 1000 дәннің массасы, шынылығы, натурасы, желімтек сапасы, технологиялық сапа, химиялық құрамы

Аңдатпа

Жамбыл облысы өңірінде өсірілген, Богарная-56 (Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында), Стекловидная-24, Безостая-1 сұрыпты (Байзақ ауданында) бидай дәндерінің физика-химиялық қасиеттері зерттелінген.

Зерттеу барысында бидай дәндерінің сапалық қасиеттерін бағалаудың әдістемелері мен әдістері қолданылды. Зерттелінген бидай сұрыптары жоғарғы 1000 дәннің салмағы (30,2-39,7 г) және 743-794 г/л натурасымен сипатталынды. Ақуыз бен желімтектің мөлшері 13,0-17,7% және 24-31% шамасында өзгерді. ИДК-М1 көрсеткіштері бойынша желімтектің сапалық мәні, Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында өсірілген Богарная-56 сұрыпты күздік бидайларының үлгілері – бірінші сапалық топты көрсетті. Ал, Стекловидная-24, Безостая-1 сұрыпты бидай үлгілері – екінші сапалық топқа сәйкес келетіндігі анықталынды.

Дәннің технологиялық қасиеттерін және физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері бойынша зерттелетін бидайдың үшінші класс стандарттарына сәйкестігі анықталды. Физика-химиялық қасиеттерін бағалау нәтижесінде күздік бидай дәнінің отандық сұрыптары МЕМСТ 9353 талаптарына сәйкестігі анықталды, бұл оның нан пісіруге жарамдылығын көрсетеді. Астық сапасының көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша ең бағалысы күздік бидайдың жұмсақ Богарная-56 (Т. Рысқұлов ауданы) және Богарная-56 (Меркі ауданы) сорттарының үлгілері болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...