ЖАРТЫЛАЙ ЫСТАЛҒАН ШҰЖЫҚ ӨНДІРІСІНДЕ ГОДЖИ ЖИДЕКТЕРІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ҚОСПА РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.55956/QTIK2882Тірек сөздер:
байытылған және функционалды тағамдар, жартылай ысталған шұжықтар, годжи жидектері, сапа, тағам қауіпсіздігіАңдатпа
Шұжық өнімдерінің құрамындағы натрий нитритті азайту және өнімнің функционалдық қасиеттерін арттыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар ассортиментін кеңейту мақсатында годжи жидектері қосылған жартылай ысталған шұжықтың рецептісі әзірленді. Годжи жидектері қосылған жартылай ысталған шұжықтың органолептикалық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді. Жартылай ысталған шұжықтың жаңа түрін дегустациялау үшін сынамалардың бірнеше түрі дайындалды: №1 үлгі: 10 кг шикізатқа 7 г годжи жидектері және 2 г натрий нитриті қосылды. Үлгі №2: 10 кг шикізатқа 5 г годжи жидектері және 3 г натрий нитриті қосылды. Үлгі №3: 10 кг шикізатқа 3 г годжи жидектері және 6 г натрий нитриті қосылды. Органолептикалық бағалау нәтижесінде годжи жидектерді тартылған етке қосқанда, дайын өнім годжи жидектерінің айқын дәміне ие болатыны анықталды. Өндіріс үшін негізгі шикізаттың салмағы бойынша 5 г мөлшерінде годжи жидектерін пайдалану рецептісі ұсынылады. Годжи жидектері қосылған жартылай ысталған шұжықтың өзіндік дәмі бар, осылайша, годжи жидектері бар шұжық өндірісі өнім ассортиментін кеңейтеді. Сондай-ақ улы элементтерді анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Дайын өнімде улы элементтер анықталмаған, яғни дайын өнім тұтынуға қауіпсіз болып табылады.