СЫРАНЫҢ ҰНТАҒЫН АЛДЫН АЛА ӨҢДЕУІНІҢ ФЕРМЕНТАЦИЯ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ СУТЕК ӨНДІРУГЕ ӘСЕРІ

СЫРАНЫҢ ҰНТАҒЫН АЛДЫН АЛА ӨҢДЕУІНІҢ ФЕРМЕНТАЦИЯ ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ СУТЕК ӨНДІРУГЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Д.А. Тлевлесова Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Казақстан
  • Б.Т. Болкенов Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей қ., Казақстан
  • Р.Бекбаева Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей қ., Казақстан
  • К.С. Бекбаев Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей қ., Казақстан
  • А.Е. Даниярова Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей қ., Казақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/VMBN7659

Тірек сөздер:

сыра қайнату қалдықтары, биоэнергия, молекулалық сутегі, биоэтанол, микробтық ферментация, E. coli, биологиялық отын

Аңдатпа

Бұл мақалада сыра қайнату қалдықтарын (Brewer’s Spent Grain, BSG) жаңартылатын отын өндіруге арналған шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Оған молекулалық сутегі мен биоэтанол алу жатады. Субстратты сұйылтылған күкірт қышқылымен оңтайландырылған алдын ала өңдеу углеводтардың максималды бөлінуіне ықпал етті. Бөлінген қанттар микробтық ферментация үшін Escherichia coli BW25113 табиғи штамы мен BW25113hyaBhybChycAfdoGldhAfrdCaceE жеті мутацияланған түрімен қолданылды. Эксперименттік деректер негізінде гидролиз және ферментацияның оңтайлы параметрлері анықталды, оның ішінде сыра қайнату қалдықтарының концентрациясы (4%), қышқылдық өңдеу шарттары (130℃, 1,5% H₂SO₄, 26 минут), рн диапазоны (5,19-5,27) және тотықтырғыш-қалпына келтіру потенциалы (–400 мВ-тан төмен). Нәтижелер мутантты E. coli штамы сутегін бөлуге тиімді екенін, ал табиғи түрі бактериялық биомассаның өсуіне және биоэтанол синтезіне ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері сыра қайнату өнеркәсібінің қалдықтарын биотехнологиялық өңдеудің баламалы энергия көздеріне айналдырудағы қолданбалы маңыздылығын дәлелдейді. Болашақ зерттеулер процесті масштабтауды, бактерияларды генетикалық модификациялауды, сондай-ақ нысаналы өнімдердің шығуын арттыру үшін аралас микробтық дақылдарды пайдалануды қамтиды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...