ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚЫЗДАРДЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ТАҢДАУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҮЛГІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ

ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚЫЗДАРДЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫН ТАҢДАУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҮЛГІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/CJIX3259

Тірек сөздер:

мектеп формасы, орта мектеп жасы, мектеп оқушыларының мінез-құлық сипаттамалары, жасөспірім кезеңі, жасөспірім жасы, имидж, жеке стиль

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектеп жасындағы қыздарға арналған мектеп формасын жобалау кезінде бастапқы талаптарды әзірлеуге әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Қазақстандағы кәсіпорындарда шығарылатын мектеп формасының сапасына қанағаттанбаудың басты себептері – оның гигиеналық және эргономикалық талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ орта мектеп жасындағы қыздардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы және мектеп формасының жеке стилін қалыптастыруға қатысуы. Орта мектеп жасы – балалықтан жастыққа өтпелі кезең, ол организмнің терең қайта құрылуымен, жеке және әлеуметтік құндылықтардың өзгеруімен сипатталады, бұл қыздардың жеке имиджін жасауға деген ұмтылысында айқын көрінеді. Осыған байланысты зерттеу барысында жасөспірім қыздардың мектеп формасына қойылатын эстетикалық, функционалдық және имидждік талаптары онлайн сауалнама арқылы анықталды. Сауалнама нәтижелері негізінде мектеп формасының стилі, түстік шешімі және комплектациясы жүйеленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нарығында ұсынылған мектеп формасына арналған мата үлгілерінің органолептикалық, микроскопиялық және физика-механикалық қасиеттері зерттелді. Алынған нәтижелер мектеп формасын жобалау кезінде материалдар мен конструктивтік шешімдерді ғылыми негізде таңдауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...