ҚҰРҒАҚ ТҮЙЕ СҮТІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ISBR1989Аңдатпа
Мақалада сублимациялық әдіспен кептірілген түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы зерттелді. Түйе сүтін сублимациялық әдіспен кептіру нәтижесінде құрғақ түйе сүтінде ақуыз, май және көмірсудың массалық үлестері 28,1%, 28,18% және 31,52% құрады. Құрғақ түйе сүтінің биологиялық құндылығын сипаттау мақсатында оның аминқышқылдық құрамы мен құрамындағы суда еритін витаминдар В тобы атап айтқанда В1, В2, В3 және С мөлшерлері анықталды. Аминқышқылдық құрамды зерттеу нәтижесінде құрғақ түйе сүтінде 14 аминқықылы (7 – ауыстырылмайтын, 7 – ауыстырылатын) анықталды. Анықталған аминқышқылдарының жалпы саны 41,36% құрады. Зерттеу қорытындысы бойынша құрғақ түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын сипттайтын нәтижелер, құрғақ түйе сүті бойынша жеткіліксіз зертеулер қатарын толықтырады.