КӨШЕТТЕРДІ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕ ТРИТИКАЛЕ ДӘНІН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ӘДІСІН ТАҢДАУ

КӨШЕТТЕРДІ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕ ТРИТИКАЛЕ ДӘНІН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ӘДІСІН ТАҢДАУ

Авторлар

  • Д.Б. Тоймбаева А.И. Бараев атындағы ғылыми-зерттеу астық шаруашылығының ғылымиөндірістік орталығы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Ақмола облысы, Қазақстан
  • И.Ж. Темирова А.И. Бараев атындағы ғылыми-зерттеу астық шаруашылығының ғылымиөндірістік орталығы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Ақмола облысы, Қазақстан
  • А.Б. Альдиева А.И. Бараев атындағы ғылыми-зерттеу астық шаруашылығының ғылымиөндірістік орталығы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Ақмола облысы, Қазақстан
  • Б.К. Тарабаев С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан
  • Г.Х. Оспанкулова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/BBNG9944

Тірек сөздер:

тритикале, өну, дезинфекция, микрофлора, астық

Аңдатпа

Азық-түлік ресурстарына сұраныстың артуы әртүрлі тағамдар мен сусындар өндірісінде дәстүрлі емес дәнді дақылдарды пайдалануға деген қызығушылықтың артуына әкелді. Тритикале дақылы зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырады. Функционалдық бағыттағы тамақ өнімдерін өндірудегі өзекті бағыттардың бірі дәнді дақылдардың көшеттері сияқты шикізат ресурстарын пайдалану болып табылады. Өскен дәндердің тағамдық құндылығы жоғары және дәрумендердің, минералдардың, антиоксиданттардың едәуір мөлшері болады, сондықтан олар функционалды тағамдарға жатады. Алайда, өну процесінде эпифитті бактериялар мен микроскопиялық саңырауқұлақтардың барлық түрлерінің, сондайақ микотоксиндердің өндірушілері бола алатын ұрық аймағында орналасқан фитопатогенді саңырауқұлақтардың белсенді өсуі байқалады. Осыған байланысты өскен дәндердің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше өзекті болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты өну кезінде тритикале органикалық дәндерін дезинфекциялаудың тиімді әдісін таңдау болды. Дезинфекциялаушы ретінде калий перманганаты мен сутегі асқын тотығының ерітінділері қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде өскен тритикале дәнінің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сутегі асқын тотығының 5% ерітіндісімен өңдеу арқылы қол жеткізуге болатындығы анықталды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...