ҚАУЫНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖОЛДАРЫН ОНТАЙЛАНДЫРУ

ҚАУЫНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖОЛДАРЫН ОНТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар

  • Н.А. Умбеталиев Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Г.К. Күзембаева Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Қ.К. Кузембаев Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • М. Маханов Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Е.Д. Шамбулов Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • С.Ж. Оралбаев Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Ж.Т. Сыдыкбаев Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/YAQL3321

Тірек сөздер:

қауын, дайындама, қауынқақ, кептіргіш, өндіріс технологиясы, органолептикалық көрсеткіштер, химиялық құрамы, шөгу

Аңдатпа

Жұмыста "колхозница" қауынының жемістерінен қақталған қауынқақ өнімін өндіру технологиясын әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Бүгінгі таңда мұндай өнімдер нарығы әлсіз дамыған, бірақ өнім жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие және өзекті мәселелердің бірі – дұрыс тамақтану тұжырымдамасына сәйкес келеді. Бұл мәселені шешуде қауын шикізатын пайдалана отырып, оларды өндіру технологияларын әзірлеу маңызды рөл атқарады.  Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанда өсірілген «колхозница» әңгелек қауын сорты алынды.  «Кауынқақ» қақталған өнімін зертханалық өндірісі мынадай операцияларды тұрады: шикізатты жуу, тазалау, кесінділеу және шикізатты тұрақты температуралық режимде ИҚ сәулелі кептіру аппаратында кептіру. Алынған үлгілер органолептикалық талдаудан өтті. Органолептикалық талдау нәтижелері бойынша үлгі өте жоғары орташа бағаға ие болды – 4,3 балл, өнімнің дәмі мен хош иісі 4,9 балға бағаланды. Өнімнің энергетикалық құндылығы 326 кКал (979,68 кДж) / 100 г құрады. Ғылыми зерттеу негізінде қауын дайындамаларын кептіру барысында кептіру жылдамдығы мен кептіру уақыттын тәуелділігі анықталды. Кептіру үдерісінде қауын дайындамаларының шөгу (усадка) тәуелділігі анықталды және математикалық сипаттамасы келтірілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін растайды және оны өндіріске енгізу үшін ұсынуға мүмкіндік береді. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...