КАРБОНАТТЫ ТОЛТЫРҒЫШ НЕГІЗІНДЕГІ СУДЫ АЗ ТҰТЫНАТЫН ЦЕМЕНТ

КАРБОНАТТЫ ТОЛТЫРҒЫШ НЕГІЗІНДЕГІ СУДЫ АЗ ТҰТЫНАТЫН ЦЕМЕНТ

Авторлар

  • Е.Б. Мажитов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, Қазақстан
  • Ж.С. Тулеугалиева Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, Қазақстан
  • М.Ж. Рыскалиев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, Қазақстан
  • С.М. Жарылгапов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, Қазақстан
  • А.Б. Шингужиева Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, Қазақстан
  • Е.Г. Талаптанов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/GIXK2666

Тірек сөздер:

клинкер мөлшері, көмірқышқыл газының эмиссиясы, төмен су тұтынатын цемент, аралас байланыстырғыштар, суперпластификатор

Аңдатпа

Өнеркәсіптік цементтердегі клинкердің мөлшерін азайту қажеттілігі энергия шығындарын және көмірқышқыл газының шығарындыларын төмендетуге бағытталған. Бұл мақсатқа жету үшін құрамында алмастырушы минералды қоспалар мөлшері жоғары (30-80%) аралас байланыстырғыштарды кеңінен қолдану қажет. Оларды пайдалану тек қымбат клинкер үлесін азайтумен ғана шектелмей, бетондардың құрылыс-техникалық қасиеттерін (су өткізбейтіндігі, аязға төзімділігі, жарықшақтарға төзімділігі, коррозияға төзімділігі) жақсартуға да мүмкіндік береді. Жұмыста минералды қоспаларды тиімді пайдаланудың жолы ұсынылып, төмен су тұтынатын цементтер (ТСЦ) әзірленді. Бұл цементтерде клинкер үлесі барынша азайтылған, бірақ технологиялық, пайдалану-техникалық және экологиялық көрсеткіштері бойынша олар аралас байланыстырғыштардан ғана емес, сондай-ақ Еуропа, Азия және Америкадағы өндірушілер шығаратын барлық жалпы құрылыс портландцементтерінен де асып түседі. Жұмыста стандартты портландцемент негізінде және карбонатты толтырғышты минералдық компонент ретінде қолданған ТСЦ негізінде дайындалған цемент тасына және бетондарға жүргізілген физика-механикалық сынақтардың салыстырмалы нәтижелері келтірілген. Рентгенографиялық фазалық талдау әдісімен ЦЕМ I 42,5Н цемент тасындағы және «карбонатты» ТСЦ-50 микроструктурасындағы кристаллогидраттардың құрамына салыстырмалы баға берілді. Зерттеу нәтижесінде ТСЦ-50 құрамында ГКАК-3 және ГКАК-1 түріндегі кальций гидрокарбоалюминаттарының түзілетіні анықталды, олар ерте қарқынды қатуға және 28 тәуліктегі жоғары белсенділікке ықпал ететіндігі байқалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс технологиялары
Loading...