ҚАНТТЫ ПЕЧЕНЬЕНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ГҮЛ ТОЗАҢЫНЫҢ ӘСЕРІ

ҚАНТТЫ ПЕЧЕНЬЕНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ГҮЛ ТОЗАҢЫНЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • А.Ж. Оразов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
  • Г.З. Каиргалиева Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
  • Д.С. Жаксыгалиева Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан
  • А.Қ. Амантай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/TXSM4071

Тірек сөздер:

ұнды кондитерлік өнім, қантты печенье, гүл тозаңы, дәстүрлі емес шикізат, тағамдық қоспа

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында қантты печеньенің тағамдық құндылығын арттыру үшін биологиялық белсенді шикізат ретінде гүл тозаңының әсері зерттеліп, тағамдық құндылығы жоғары қантты печеньенің рецептурасын әзірлеу нәтижелері келтірілген. Құрамында қант, флавоноидтар, дәрумендер, минералдар және маңызды аминқышқылдары бар гүл тозаңын биологиялық белсенді шикізат ретінде қолдану мүмкіндігі көрсетілген. Қантты печеньені өндіруде жоғары сұрыпты бидай ұнына 3 г, 5 г, 7 г, 9 г мөлшерінде гүл тозаңы енгізілді. Гүл тозаңы қосылған қантты печеньенің физико-химиялық көрсеткіштері, тағамдық және биологиялық құндылығы анықталған. Дайын өнімнің ақуыз мөлшері 0,31%, май 3,44%, көмірсу 15,48% артты. Зерттеу нәтижелеріне сүйене келе, гүл тозаңын қантты печеньеге қолдану, өнімнің тағамдық құндылықтарын жоғарылатып, өнімге ерекше дәм мен хош иіс берді. Қантты печеньеге гүл тозаңын қосу өнімді дұрыс тамақтануға бағытталған тұтынушылар үшін пайдалы ете отырып, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін жақсартты. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...