КӨКҚИЯ КЕНІШІНДЕГІ ПИРИТ ЖӘНЕ ХАЛЬКОПИРИТ КЕНІНЕН ТЕМІР МЕН МЫС ОКСИДТЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/WOLT7715Тірек сөздер:
пирит, халькопирит, темір, мыс оксидтері, бағалы металлдар, түсті металлдарды өңдеуАңдатпа
Мақалада Жамбыл облысындағы Көкқия кенішінен алынған пирит пен халькопиритке бай сульфидті темір-мысқұрамды кендердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – кеннің химиялық және минералдық құрамын анықтау, құрамындағы бағалы компоненттердің таралу ерекшеліктерін зерттеу және оларды өңдеу мүмкіндіктерін қарастыру. Зерттеу барысында кен сынамаларының химиялық құрамы, инфрақызыл спектрлері, морфологиялық ерекшеліктері және элементтік құрамы зерттелді. ИҚ-спектрлік талдау, сканерлеуші электрондық микроскопия және элементтік талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері Көкқия кенішінің кендері күрделі және біркелкі емес құрамымен сипатталатынын көрсетті. Флотациялық концентраттардың құрамынан көміртек, күкірт, кремний, алюминий, темір және басқа элементтер анықталды. Алынған нәтижелер кенді алдын ала өңдеу қажеттілігін және бағалы түсті және асыл металдарды бөліп алудың тиімді технологияларын таңдаудың маңыздылығын көрсетті. Кенді өңдеу кезінде экологиялық қауіптілігі төмен еріткіштерді және заманауи технологияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылды.

