ӨНГЕН АСТЫҚТАН ФУНКЦИОНАЛЬДЫ БАҒЫТТАҒЫ СУСЫНДАР ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/NVHF2887Тірек сөздер:
астық дақылдары, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, патогенді микрофлора, өну мерзімі, қоректік орта, микроорганизмдер колониясыАңдатпа
Жер халқының санының өсуі күнделікті рационды байытатын функционалдық өнімдерге сұраныстың артуына әкеледі. Халықты экологиялық таза, сапалы өнімдермен қамтамасыз ету салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, астықты өңдеудің бастапқы кезеңінде микроорганизмдер саны мен құрылымын анықтау маңызды алдын алу шарасы болып табылады. Зерттеу барысында астық, бұршақ тұқымдас және майлы дақылдар дәнінің микрофлорасы зерттелді, ал зерттеу нысаны өніп шыққан дәнді сусындарды дайындау технологиясын әзірлеу кезінде дәннің ылғалдану сапасы мен қауіпсіздігі болды. Дән мен тұқымдағы микроорганизмдердің көбеюі температура мен беттің құрылымына байланысты екені анықталды: температура неғұрлым жоғары болса, ылғалды материалда микроорганизмдер соғұрлым тез көбейеді. Бұл тәуелділік тек ылғалданған материалда байқалды, өйткені құрғақ дәнде және тұқымда микроорганизмдер температураға қарамастан тез көбеймейді.

