ШЫМКЕНТ ЖӘНЕ ТАШКЕНТ ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТАБАНЫ МЕН БАЛТЫРЫНЫҢ АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ӘЙЕЛДЕР ЕТІГІН ЖОБАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/TZOZ5964Тірек сөздер:
антропометриялық зерттеулер, табан, балтыр, әйелдер етігі, 3D-сканерлеу, INFOOT-2, балтырдың шартты жаймасы, CAD-технологиялар, аяқ киімді цифрлық жобалауАңдатпа
Мақалада әйелдер етігін жобалау параметрлерін нақтылау мақсатында Орталық Азия әйелдерінің (Оңтүстік Қазақстан және Ташкент облыстары) табаны мен балтырына жүргізілген антропометриялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу INFOOT-2 жүйесі арқылы табанды 3D-сканерлеуді және балтырдың айналма әрі биіктік параметрлерін жанасу әдісімен өлшеуді қамтитын аралас әдіс негізінде жүргізілді. Зерттеуге 19–27 жас аралығындағы 236 әйел қатысты. Алынған деректер негізінде зерттелген өңірлердегі жас әйелдердің табаны мен балтырының антропометриялық белгілерінің базасы қалыптастырылды. Өлшемдік сипаттамаларға статистикалық талдау жүргізіліп, орташа мәндер, орташа квадраттық ауытқу және вариация коэффициенті анықталды. Зерттелген өңір әйелдерінің балтыр параметрлері аяқ киімді жобалаудың дәстүрлі әдістемелерінде қолданылатын мәндерден айналма өлшемдерінің кішірек болуымен ерекшеленетіні анықталды. Анықталған заңдылықтар негізінде әйелдер етігінің базалық конструкциясын жобалау кезінде қолданылатын үш толықтық тобына арналған балтырдың шартты жаймасының нақтыланған параметрлері әзірленді. Алынған нәтижелерді аяқ киімді автоматтандырылған жобалау жүйелерінде және аяқ киім өнеркәсібінде mass customization қағидаттарын іске асыру кезінде пайдалануға болады.

