ШЫҢЖАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АЛТАЙДЫҢ ҚЫЗҒЫЛТ ТҮСТІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/RSRC8339Тірек сөздер:
Алтайдың қызыл қойы, ет сапасы, еттің қоректік құндылығы, май шығымы, сойыс шығымы, тірілей салмағы, қой еті, ұша шығымы, өнімділік ерекшелігіАңдатпа
Адам денсаулығына қажетті маңызды аминқышқылдары мен микроэлементтердің көзі әрі дәмдік сапасы жоғары тағам ретінде тұтынушылар арасында қой еті жоғары сұранысқа ие. Калориясы төмен және холестерин мөлшері аз болғандықтан, басқа ет түрлерімен салыстырғанда қой етінен дайындалған тағамдар құнарлы әрі дәмді болып келеді. Сондықтан, тұтынушылар арасында қой етінің тағамдық ерекшеліктері жоғары бағаланады. Сол себепті, жоғары өнімді қой тұқымдары мен олардан өндірілетін сапалы ет өнімін арттыру өзекті мәселелер қатарына жатады. Мақалада Алтайдың қызғылт түсті қой тұқымының ет өнімділік ерекшеліктері зерттеліп, азықтандырумен байланыты еттің қоректік құрамы талданады. Зерттеу барысында, Алтайдың қызыл қойының етінде су мөлшері орта есеппен 21,15-23,18%, ақуыз – 2,10-2,0% май – 74,61-76,56% және 0,19-0,21% күлден құралғаны анықталды.

