ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЕСКЕРІП ӘСКЕРИ КИІМНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/UQHY9411Тірек сөздер:
әскери киім, конструкция, эргономика, экология, техникалық эскизАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге арналған киім сапасының қолайлылығын арттыру мақсатында конструкциялаудың кейбір элементтерін қоса алғанда, эргономикалық және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жөнінде зерттеулер жүргізілді. Қазіргі заманғы отандық әскери киімдерге қойылатын талаптарды жүйелендіре отырып, сапасы мен қолайлылығы бойынша сауалнама жүргізілді, жобалау процесінің теориялық негіздемесі көзделген. Сапалы ыңғайлы әскери киім, әскери қызметшілердің қорғанысы мен жайлылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, әскери операциялардың тиімділігін арттыруда негізгі рөл атқаратынына мүмкундік береді. Жетілдіру осы саладағы процестер мен әзірлемелерді дамытуға, қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін одан әрі жақсартуға ықпал ететін болады. Зерттеу нәтижесінде қолайсыздық проблемаларын шешу және әскери киім конструкцияларын жақсарту үшін бірнеше тиімді компоненттер ұсынылды. Бұдан басқа, әскери қызметшілер үшін арнайы киімді пайдалануды жеңілдететін қосымша элементтер қосуға ұсынылады.

