ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МОТОР МАЙЛАРЫНЫҢ ПИРОЛИЗІ НӘТИЖЕСІНДЕ ТЕМПЕРАТУРА ӘСЕРІНЕН ТҮЗІЛЕТІН ӨНІМДЕРДІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/SIMD8398Тірек сөздер:
пайдаланылған мотор майы, термиялық пиролиз, температуралық режим, топтық көмірсутектік құрам, нафта, дизельдік отынАңдатпа
Бұл зерттеуде пайдаланылған мотор майларын (ПММ) термиялық пиролиздеу барысында температуралық режимнің (380-440°C) түзілетін сұйық өнімдердің топтық көмірсутектік құрамына әсері қарастырылды. Тәжірибелер 0,5 МПа азот қысымында, автоклавтық реакторда 40 минут бойы үздіксіз араластырумен (150 rpm) жүргізілді. Алынған сұйық өнімдер айдау арқылы нафта (30–180 °C), керосин (180-260°C) және газойль (260-350°C) фракцияларына бөлініп, олардың құрамы GC-FID («Хромос GX-1000») әдісімен талданды. Нәтижелер көрсеткендей, температура 380°C-тан 440°C-қа дейін артқанда, нафта фракциясындағы парафиндер мөлшерін 14%-дан 20%-ға дейін, ал нафтендерді 10%-дан 17%-ға дейін арттырды. Сонымен қатар ароматты көмірсутектердің үлесі 42%-дан 32%-ға, ал олефиндер 16%-дан 10%-ға дейін төмендеді. Ұқсас заңдылықтар керосин және газойль фракцияларында да байқалып, жалпы парафиндік көмірсутектер мөлшері 10-11%-ға артқаны анықталды. Бұл температураның жоғарылауы термиялық ыдырау реакцияларын тереңдетіп, өнім құрамында тұрақты қаныққан құрылымдардың жинақталуына ықпал етеді, алынған фракциялық сұйық өнімдерді дизельдік отын компоненттері және жеңіл дистилляттар ретінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
