БҰЗАУ ЕТІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ҰШАСЫН БӨЛШЕКТЕУ СЫЗБАСЫН СТАНДАРТТАУ

БҰЗАУ ЕТІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ҰШАСЫН БӨЛШЕКТЕУ СЫЗБАСЫН СТАНДАРТТАУ

Авторлар

  • Ж.Ж. Жамекова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы, Қазақстан
  • У. Чоманов Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері Ғылыми зерттеу институты, Алматы, Қазақстан
  • Ж. Искакова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы, Қазақстан
  • Н.К. Акишев Назарбаев университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/WCBQ8168

Тірек сөздер:

бұзау еті, сүт бұзауы, ұшаны жіліктеу, химиялық құрамы, стандарттау, еттілік көрсеткіші

Аңдатпа

Бұзау еті өзінің тағамдық құндылығымен тұтынушылар арасында кеңінен бағаланады. Бұзау еті әдетте жас (жыныстық жетілмеген) ірі қара малдан 8 айға дейін, ең көп дегенде 12 айлық жасында алынады. Еуропа нарығында бұзау классификациясы мен еттің бөліну сипаттамалары азықтық жүйелер мен ет қасиеттеріне қарағанда әлдеқайда жақсы реттеледі. Алайда Қазақстанда бұзау етіне бекітілген классификация схемасы және оны тауарлық бөліктерге бөлу жүйесі жоқ. Зерттеуде бұзаудың жаңа дифференцияланған схемасын өнеркәсіптік өңдеу, қоғамдық тамақтану және сауда желісі арқылы өткізу үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Қазақстан жағдайына бейімделген, бұзау етін сүйекті және сүйексіз бөліктерге бөлу схемасы «Бұзау еті» СТ РК мемлекеттік стандартының әзірлеу негізіне алынатын болады. Бұзаудың әртүрлі бөліктеріндегі жалпы ақуыз құрамындағы айырмашылықтар анықталды (15,15-23,25%) (Р ≥ 0,5), аз мөлшердегі дәнекер тінді ақуыздар қарын, артқы және алдыңғы аяқтарда, қабырға және омыртқа бұлшықеттерінде, кеуде қуысының алдыңғы және артқы бөліктерінде орналасқан. Зерттеу нәтижесінде бұзау етін тиімді бөлшектерге бөліп сыртқы саудаға шығару ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Тамақ өнімдерінің технологиялары
Loading...