АУЫР МЕТАЛДАРДЫ ЖОЮ МАҚСАТЫНДА КӨМІР НЕГІЗІНДЕГІ СОРБЕНТТЕРДІ МОДИФИКАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/FVHN6891Тірек сөздер:
адсорбция, ауыр металдар, ағынды сулар, көмір, модификация, сорбция, тас көмірАңдатпа
Қоршаған орта және ағынды сулардың ауыр металдармен ластану көздері өзіміздің күнделікті тұрмыстық жағдайда қолданылып отырған химиялық жуғыш заттар сонымен қатар ірі өндіріс фабрикаларынан төгілген түрлі ластағыш заттардың салдарынан болып отыр. Ауыр металдардың соның ішінде мыс, қорғасын иондарының шамалы мөлшерінің өзі адам ағзасына үлкен зиянын тигізіп отыр. Ауыр металдардың ағзамызға зиянын болдырмау мақсатында олардың жоюдың түрлі жолдары мен әдістері қарастырылды. Көптеген ғалымдардың зерттеулерін салыстыра келе табиғи сорбенттердің тиімді жақтары анықталды. Біздің зерттеуіміз бойынша табиғи сорбенттердің ішінде таскөмірдің сорбциялық қабілеті жоғары екендігі айқындалды. Яғни, тас көмірді сутегі асқын тотығымен модификациялау барысында ауыр металдарды жою қабілеті, статикалық алмасу сиымдылығы температураға (60-1200), уақытқа (60-120 минут), концентрацияға (2,5 моль) тәуелді көрсеткіштерімен сипатталынып сорбция қабілеті 40% артатындығы дәлелденді.

