ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН СУПЕРСІҢІРГІШ ГИДРОГЕЛЬДЕР ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН СУПЕРСІҢІРГІШ ГИДРОГЕЛЬДЕР ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • A. Азимов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Г.М. Изтлеуов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • А.А. Болысбек М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • А.М. Есимова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/UWJQ4973

Тірек сөздер:

гидрогельдер, крахмал, акриламид, каолин, суперсіңіргіш материалдар, су ұстау

Аңдатпа

Бұл мақалада табиғи компоненттерге негізделген суперсіңіргіш гидрогельдердің химиялық технологиясы зерттелген. Зерттеу нысаны крахмал, акриламид және каолин негізінде синтезделген композиттік гидрогельдер болды. Крахмал биоыдырайтын полимерлік матрица ретінде қолданылса, акриламид гидрофильдік қасиеттерді және ісіну дәрежесін арттыру үшін енгізілді. Қабатты алюмосиликатты минерал каолин гидрогель құрылымының механикалық беріктігін және термиялық тұрақтылығын жақсартатын бейорганикалық толтырғыш ретінде қолданылды. Инициатор мен айқастырып тігуші агент концентрациясының гидрогельдің ісіну дәрежесіне әсері зерттелді. Эксперименттік деректер инициатор концентрациясы 0,8–1,0 масс.% болғанда гидрогельдің ісіну дәрежесі жоғары мәнге жететінін көрсетті. Бұл құбылыс бос радикалдардың түзілу қарқындылығының артуымен және полимер тізбектерінің тиімді қалыптасуымен түсіндіріледі. Инициатор мөлшерінің шамадан тыс артуы торлы құрылымның тығыздалуына және ісіну қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Инициатор мөлшері 1 масс.% болған жағдайда гидрогельдің су сіңіру қабілеті 890 г/г құрады. NaCl концентрациясының артуы гидрогельдің су сіңіру қабілетін төмендетті. Композиттік гидрогельдің элементтік құрамы энергия-дисперсиялық рентгендік спектроскопия әдісімен анықталып, органикалық полимер матрицасының қалыптасқаны дәлелденді. Алынған гидрогельдер экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығында перспективалы материалдар болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...