ОРГАНИКАЛЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУШЫ АГЕНТТЕРДІҢ LaCoO₃ МАТЕРИАЛЫНЫҢ ТЕКСТУРАЛЫҚ ЖӘНЕ КАТАЛИТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/CFUJ7551Тірек сөздер:
катализатор, перовскит, Фишер–Тропш синтезіАңдатпа
Бұл жұмыста бірге тұндыру әдісімен синтезделген перовскит типті LaCoO₃ катализаторларының құрылымдық, текстуралық және каталитикалық қасиеттеріне жұмсақ органикалық шаблондардың әсері зерттелді. Органикалық тотықсыздандырушы агенттер ретінде D-глюкоза, D-фруктоза және D-галактоза қолданылды. Тұндыру процесі натрий гидроксидін пайдалану арқылы жүргізіліп, алынған прекурсорлар кейін ауада 300 және 750 °С температураларда сатылы термиялық өңдеуден өткізілді. Күйдіруден кейін барлық үлгілерде негізінен LaCoO₃ перовскиттік фазасы түзілетіні және Co₃O₄ фазасының аз мөлшерде қоспа ретінде болатыны анықталды. Азот адсорбциясы мен электрондық микроскопия деректері бойынша үлгілер 13–24 нм аралығындағы кеуек диаметрімен сипатталатын мезокеуекті құрылымға ие. Фишер–Тропш синтезі реакциясындағы каталитикалық сынақтар жұмсақ органикалық шаблондарды қолдану спирттердің шығымын арттырып, метан мен көмірсутектердің түзілуін төмендететінін көрсетті. Спирттер синтезінде ең жоғары каталитикалық тиімділік LaCoO₃-Gal және LaCoO₃-F үлгілерінде байқалды.

