ПОЛИМЕР-БИТУМДЫ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШТАРДАҒЫ ПЛАСТИФИКАТОРДЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/KQVA2742Тірек сөздер:
полимер-битум байланыстырғыштары, пластификаторлар, аралас модификация, үйлесімділік, жол беттері, климатқа төзімділік, деформацияға төзімділік, беріктік, Унипласт-3Аңдатпа
Мақалада полимер-битум байланыстырғыштар (ПББ) құрамындағы пластификациялаушы қоспалардың материалдың реологиялық, құрылымдық және пайдалану сипаттамаларының қалыптасуына әсері қарастырылады. Пластификаторлардың химиялық табиғаты мен концентрациясының битум-полимер матрицасының үйлесімділігіне, температуралық сезімталдығына және фазалық тұрақтылығына ықпалы талданды. Зерттеу барысында өнеркәсіптік пластификатор Унипласт-3, вермикулит, табиғи текті модификатор – госсипол шайыры негізінде үш түрлі ПББ құрамы дайындалды. Құрылымдық өзгерістер ИК-Фурье спектроскопия әдісімен зерттеліп, консистенциялық қасиеттері 25°С-та пенетрация көрсеткіші арқылы бағаланды. Нәтижелер Унипласт-3 енгізілген жүйеде айқын пластификациялаушы әсер байқалатынын, ал вермикулит пен госсипол шайыры қосылған құрамдарда құрылымдық өзара әрекеттесулердің өзгеретінін көрсетті. Алынған деректер пластификатор табиғатының ПББ кеңістіктік құрылымын қалыптастырудағы белсенді рөлін дәлелдейді және Қазақстанның күрт континенттік климат жағдайына бейімделген тиімді құрамдарды негіздеуге мүмкіндік береді.

