ФИЗИКАЛЫҚ МАЯТНИКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/TNWM4047Тірек сөздер:
тербеліс, физикалық маятник, амплитуда, резонанс, период, жиілік, потенциалдық энергияАңдатпа
Физикалық маятниктің қозғалыс моделі қазіргі кезде физика саласында ғана емес, қазіргі заманғы техника мен ғылымда да үлкен маңызға ие. Маятниктің қозғалыс моделін қолданудың негізгі бағыттары: уақытты дәл өлшеу жүйелерінде, яғни бұрын тек механикалық сағаттарда пайдаланылса, бүгінде маятник принципі резонаторлық жүйелердің, синхронды генераторлардың және датчиктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Инженерлік және құрылыс саласында ғимараттардың сейсмотұрақтылығын арттыру мақсатында, көпірлер мен мұнараларда тербелістерін есептеу кезінде, аспалы құрылғылар мен механизмдердегі динамикалық тепе-теңдікті бағалау үшін көп қолданысқа ие. Сонымен қатар, сейсмология және геофизикада жер сілкінісі кезінде маятниктің тербелісі арқылы жер қабатының қозғалысын тіркей алады, яғни, сейсмологиялық деректерді нақты талдауға және жер дүмпулерінің энергиясын есептеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты физикалық маятниктердің жұмысын талдау, оның қолданыс аясын аңықтау және қозғалыс түрлерін математикалық тұрғыдан зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

