ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРГЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/IJBN8599Тірек сөздер:
инновация, модификация, тоқыма материалдары, функционалдық қасиеттер, электрөткізгіштік, сыртқы факторлардың әсері, физика-механикалық қасиеттер, арнайы маталарАңдатпа
Бұл шолу мақаласында тоқыма өнеркәсібіндегі заманауи инновациялық әзірлемелерге жүйелендірілген талдау жасалып, функционалдық, интеллектуалдық және көпқабатты композициялық материалдарға ерекше назар аударылады. Саланың қазіргі даму бағыты жаңа талшықтарды жасауға емес, нанотехнологияларды, металл құрамды жабындарды және биополимерлерді қолдану арқылы қолданыстағы құрылымдарды терең модификациялауға бағытталғаны анықталды. Жұмыста «нео-тоқыма» негізгі бағыттары жіктелген: электрондық, белсенді және эко-техно тоқыма. Магнетрондық бүрку және химиялық тұндыру әдістері арқылы маталардың электрөткізгіштігі, бактерияға қарсы қасиеттері және термосезімталдығының қалыптасу механизмдеріне ерекше назар аударылған. Жүргізілген шолу сенсорлық құрылымдар мен киілетін электрониканы біріктіру медицина, мұнай-газ саласы және спорт үшін бейімделетін жүйелерді жасауға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алынған нәтижелер экологиялық қауіпсіз модификация әдістеріне көшу қажеттілігін айқындайды және «ақылды» материалдарды өнеркәсіптік өндіріске енгізудің ғылыми-технологиялық негізі бола алады.

