АЯҚ КИІМДІК БЕЙМАТА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/BXKJ1989Тірек сөздер:
аяқ киім өндірісі, беймата материалы, жеңіл өнеркәсіп, текстиль, беріктікАңдатпа
Қазіргі уақытта аяқ киім өндірісінде аяқ киімнің бөлшектері үшін жүннен жасалған беймата материалын қолдану тиімді әрі өзекті болып отыр. Өйткені жүннен жасалған киіз – табиғи материал, оның жылу сақтағыштық, оқшаулау, беріктік қасиеттері жоғары, сонымен қатар киіз өндіруде қолданылатын қой жүні арзан әрі қол жетімді болып табылады. Мақалада аяқ киім өндірісінде аяқ киім бөлшектеріне арналған жүннен жасалған беймата материалының физика-механикалық қасиеттік көрсеткіштерін анықтау бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Жұмыста қазіргі таңдағы еліміздің отандық өндірістерінде шығарылған киіз материалдарының өлшемдік және құрылымдық сипаттамалары анықталды. Беймата материалдарының үш түрінен үлгілер дайындалды, әр үлгінің талшықты құрамы оптикалық микроскопта зерттелді, үлгілердің үзілу сипаттамалары анықталып, қалыңдық өлшемдері мен тығыздық параметрлері есептелді. Зерттеу нәтижелері бойынша басқа зерттелген үлгілермен салыстырғанда таза жүннен жасалған №1 үлгі үзілу беріктік көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті.

