АҚАБА СУЛАРДЫ ОЗОН ЖӘНЕ АТМОСФЕРАЛЫҚ ОТТЕГІ АРҚЫЛЫ ТАЗАРТУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/FQKJ4566Тірек сөздер:
суды озондау, ақаба сулар, атмосфера, су тазарту, ластану, концентрацияАңдатпа
Өндірістік ақаба сулардың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануының артуы жағдайында оларды тиімді тазарту әдістерін іздеу өзекті мәселе болып отыр. Ластанудың негізгі көзі – дәстүрлі әдістермен жоюы қиын көмірсутектер. Бұл зерттеуде озон мен атмосфералық оттегі қоспасын марганец диоксиді катализаторының әртүрлі концентрациясында пайдалану арқылы ақаба суларды тотығу әдісі ұсынылды. Органикалық синтез зауытының нақты су үлгілерінде 500-ден астам тәжірибе жүргізілді. Салыстырмалы талдау озонның тазарту тиімділігі жоғары екенін көрсетті (53%-ға дейін), ал оттегімен өңдеу кезінде бұл көрсеткіш 41% болды. Сонымен қатар, озон жарық өткізгіштікті арттыруда да басымдық танытты. Озон үшін MnO₂ катализаторының оңтайлы концентрациясы 1-2 г/л екені анықталды. Ұсынылған әдіс экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді, катализаторды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді және көмірсутектердің жоғары концентрациясы бар суларды тазартуда перспективалы болып табылады.

