АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰШҚЫШТАРЫНЫҢ ФОРМАЛЫҚ КИІМІНЕ КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚОРҒАЙТЫН ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/HJRY2433Тірек сөздер:
күннен қорғайтын тоқыма, пилоттың формалық киімі, азаматтық авиация, кәсіби ультракүлгін әсері, ультракүлгіннен қорғаныс деңгейі (UPF), функционалды тоқыма материалдары, белсенді демалыс киімі (outdoor)Аңдатпа
Қолданыстағы нормативтік құжаттарда ұшқыштардың формалық киіміне күн сәулесінен қорғайтын қасиеттер бойынша тікелей талаптар қарастырылмаған, алайда ультракүлгін сәулеленудің (УФ) кәсіби әсері ғылыми түрде расталған. Жұмыстың мақсаты – өндіруші мәлімдеген ультракүлгіннен қорғаныс деңгейі (UPF) бар тоқыма материалдарын негізгі сыртқы қабат ретінде пилоттың формалық жейдесіне енгізудің орындылығын негіздеу және бағалау. Зерттеуде кешенді (аралас) тәсіл қолданылды: салалық әдебиет пен реттеуші-құқықтық актілерді талдау арқылы олқылықтарды айқындау; функционалдық материалдар саласындағы шешімдерді технологиялық трансферлеу және бейімдеу мақсатында outdoor сегментіндегі эталондық жейделерді салыстырмалы бағалау; UPF-тоқымалардың эксплуатациялық-гигиеналық негізгі көрсеткіштері (ауаөткізгіштік, мыжылуға төзімділік, түкшеленуге (пиллингке) төзімділік) бойынша зертханалық сынақтар жүргізу. Кешенді бағалау нәтижесінде күннен қорғайтын қасиеттері бар пилоттың формалық жейдесін жобалауға арналған прототип таңдалды. Ғылыми жаңалығы – кемелденген тұтыну секторынан авиациялық формаға технологиялық шешімдерді көшірудің (технологиялық трансфердің) қайталанатын алгоритмін ұсыну. Практикалық маңызы – ұшқыштардың фотобиологиялық жүктемесін төмендету және эксплуатациялық әсерін тексеруге арналған тәжірибелік партияны шығаруға даярлық.

