БЕТОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ИІЛМЕЛІ ДЕФОРМАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

БЕТОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ИІЛМЕЛІ ДЕФОРМАЦИЯЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Ж.А. Усенкулов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Д.Ж. Артықбаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Ф.Х. Аубакирова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан
  • А.М. Будикова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан
  • А.Б. Курбанбаев И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Бішкек, Қырғызстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/LDQA5409

Тірек сөздер:

темірбетон құрылымдары, иілмелі деформациялар, бетонның сырғуы, шөгу, жарықтардың түзілуі, қаттылық, иілу, құрылымның ұзақмерзімділігі

Аңдатпа

Мақалада темірбетон құрылымдарын жобалау кезінде иілмелі деформацияларды ескерудің өзекті мәселесі қарастырылады. Бұл фактор ғимараттар мен құрылыстардың сенімді пайдаланылуына тікелей әсер етеді. Қолданыстағы есептеу әдістеріне, призмалық үлгілер бойынша жүргізілген тәжірибелік сынақтардың нәтижелеріне және ANSYS бағдарламасындағы сандық модельдеуге (ҚР ЕЖ EN 1992-1-1:2004/2011, Eurocode 2 және Бажант-Бавейдің B3 моделі талаптарын ескере отырып) талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша бетонның толық деформациясы серпімді, сырғу, шөгу және қалдық құрамдас бөліктерден қалыптасатыны анықталды. Тәжірибелік деректер алғашқы бес жыл ішінде бетондағы сырғу деформациясының шамасы шамамен 700 με, ал шөгу шамамен –300 με болатынын көрсетті. B3 моделі бойынша есептеулер тәжірибелік нәтижелермен ең аз айырмашылық (<5%) көрсетсе, келтірілген модуль әдісі деформация шамасын 30-35%-ға төмен бағалайтыны анықталды. Зерттеу қорытындылары бойынша қазіргі заманғы есептеу модельдерін (Eurocode 2, B3 моделі) жобалау тәжірибесінде қолдану жөнінде ұсыныстар берілді. Бұл тәсіл деформациялар мен иілу қисықтығын анықтау дәлдігін арттырып, темірбетон құрылымдарының сенімділігі мен ұзақ мерзімді беріктігін қамтамасыз етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс технологиялары
Loading...