МЕКТЕП ФОРМАСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЭРГОНОМИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП, ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/XLXN5630Тірек сөздер:
эргономика, деформация, мектеп формасы, костюм, үзілу, ұзару, тозуға төзімділік, ауа өткізгіштікАңдатпа
Бұл мақалада киімнің эргономикасын анықтайтын костюм маталарының деформациялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері берілген. Балалардың дене белсенділігі мектеп формасын жобалау кезінде ескерілуі қажет. Бұл түрдегі киімдердің ыңғайлылығы олардың конструкциясына ғана емес, сонымен қатар пайдаланылған маталардың қасиеттеріне де байланысты. Бұл жұмыстың мақсаты бірнеше сынау әдістерін қолдана отырып, костюмдік маталардың деформациялануын талдау және олардың мектеп формасына жарамдылығын анықтау болды. Зерттеуге костюмдік маталардың екі тобы таңдалды: бірінші топқа Қазақстанда мектеп формасына қолданылатын полиэфирлі маталар; екінші топқа Литва тігін фабрикаларынан алынған және ерлер костюмдеріне қолданылатын маталар алынды. Тексерілген матаның деформациялану қабілеті бірнеше сынақтар арқылы бағаланды. Балалар киімін жобалау кезінде қажетті деректер мен ақпараттардың негізінде әртүрлі параметрлерге сай киім үлгілерінің түрлері анықталып, эргономикалық тұрғыдан қолайлы модельдер ұсынылды.

