КРЕМНИЙ ТОТЫҒЫ МОЛ БАДАМ МАССИВІ ГРАНИТІНІҢ НЕГІЗІНДЕГІ КЕРАМОГРАНИТТІК ДАЛА ШПАТЫ ШИКІЗАТЫНЫҢ КОНДИЦИЯСЫН КӨТЕРУ МҮМКІНДІГІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/COCG7458Тірек сөздер:
керамогранит, минералды шикізат, дала шпаты, синтездеу, импортты алмастыруАңдатпа
Заманауи керамикалық материалдар саласындағы импортты алмастыру отандық өнеркәсіптің дамуында маңызды рөл атқарады. Өндіріс тәжірибесі көрсеткендей, керамогранит бұйымдары индустриясындағы ең проблемалық аспектілердің бірі минералды құрамы мен құрылымына, жалпы синтезделген материалдың физикалық-механикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер ететін отандық дала шпаты шикізатын іздеуі және таңдауы болып тұр. Сонымен қатар, төрт компонентті керамограниттің далалық шпат компонентінің есептік үлесі әсерлі және 30-40% аралығында болады. Бұл мақалада импорттық дала шпатына балама ретінде Бадам массиві граниттерінің кондициясын одан әрі арттыру мүмкіндігін анықтау бойынша минералдық-петрографиялық және алғаш рет жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижелері қарастырылды. Бадам гранит массиві Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жұмыс істеп тұрған бірінші және болашақ керамогранит өндірістері үшін дала шпатының ең жақын болжамды көзі.