КІЛЕМ БҰЙМДАРҒА АРНАЛҒАН МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ПОЛИПРОПИЛЕН ЖІБІНІҢ ҚҰРАМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОТҚА ТӨЗІМДІЛІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/UFMW6384Тірек сөздер:
полипропилен жібі, модификация, отқа төзімділік, математикалық модельдеу, кілем өндірісіАңдатпа
Бұл мақалада кілемдік бұйымдар өндірісінде қолданылатын модификацияланған полипропилен жібінің отқа төзімділік қасиеттерін зерттеуге бағытталған математикалық модельдеу нәтижелері ұсынылады. Жіп құрамындағы әртүрлі қоспалардың (антипирендер, тұрақтандырғыштар, толтырғыштар және т.б.) мөлшерлік арақатынасы мен олардың материалдың отқа төзімділігіне әсері жан-жақты қарастырылды. Зерттеу барысында алынған эксперименттік мәліметтер негізінде көпфакторлы регрессиялық модель құрылды. Бұл модель жіптің отқа төзімділік қасиеттерін алдын ала болжауға және құрамын оңтайландыру арқылы қажетті сапалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Математикалық модельдің көмегімен өндірістік процестерді тиімді басқару және жаңа композициялық материалдарды жасау жолдары ұсынылады. Ұсынылған тәсіл полипропилен негізіндегі жіптердің сапасын арттыруға, олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және заманауи кілем өндірісіндегі инновациялық материалдар қатарын кеңейтуге ықпал етеді.