ӨЗБЕКСТАН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНДЕ АЯҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӘРТҮРЛІ ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІМЕН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЖАЗЫҚТАБУАНЫҢ ДӘРЕЖЕСІ МЕН HALLUX VALGUS ДЕФОРМАЦИЯСЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫН ГЕНДЕРЛІК-ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/NPCT1583Тірек сөздер:
аяқ параметрлері, медицина қызметкерлері, өлшеу әдістері, 2D-сканерлеу, 3D-сканерлеу, аяқ аурулары, жыныстық айырмашылықтар, жалпақтабандылық, hallux valgus, ӨзбекстанАңдатпа
Мақала Өзбекстан денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлері арасында аяқ ауруларының таралуын талдауға арналған. Зерттеуде аяқ параметрлерін өлшеудің екі әдісі қолданылды: біріншісі – стопомерді, өлшеу таспасын және 2D-сканерлеуді қамтитын біріктірілген әдіс; екіншісі – INFOOT жабдығын қолдана отырып 3D-сканерлеу әдісі. Аяқтың морфологиялық параметрлерінің және жалпақтабандылық пен hallux valgus сияқты деформациялардың таралуының гендерлік салыстырмалы талдауы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қалыпты анатомиялық құрылымы бар аяқтардың (НС + ВН санаты – қалыпты ұзыннан табан күмбезі және hallux valgus жоқ) және әртүрлі деформациялары бар аяқтардың ерлер мен әйелдер арасындағы пайыздық арақатынасы анықталды. Патологиялардың жыныстық белгілерге байланысты таралуында статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар табылды. Бұл алдын алу шараларын әзірлеуде, сондай-ақ арнайы медициналық аяқ киімді жобалау мен таңдауда гендерлік факторды ескерудің қажеттілігін айқындайды.