КӨКСАРАЙ ҚАРСЫ РЕТТЕГІШІНІҢ ТОПЫРАҚТЫ БӨГЕТІНІҢ БЕРІКТІГІ ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІГІ СҰРАҒЫНА
DOI:
https://doi.org/10.55956/DLRZ7541Тірек сөздер:
Сырдария өзені, Шардара су қоймасы, Көксарай контррегуляторы, бөгет беріктігі, есептеу әдістемесіАңдатпа
Көксарай қарсы реттегішінің топырақ бөгетінің орнықтылығы мен сенімділігі мәселесі оңтүстік өңір үшін осы құрылысты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі мәселе болып табылады. Бөгет су ағындарын реттеуде, су деңгейін бақылауда және өңірде су басудың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Оның орнықтылығын бағалау үшін аумақтың геологиялық және гидрологиялық ерекшеліктерін, топырақтың сипаттамаларын, сондай-ақ су массасынан динамикалық жүктеме және ықтимал табиғи апаттар сияқты сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет. Мақалада Көксарай қарсы реттегішінің топырақ бөгетінің орнықтылығы мен сенімділігінің негізгі аспектілері қаралды, атап айтқанда, құрылысты пайдалануға әсер ететін геологиялық және гидрологиялық жағдайлар, сондай-ақ топырақ бөгетінің орнықтылығы мен сенімділігін бағалау әдістері талданады.

