АЛБЫРТ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕМ ҚҰРАМЫН ҚОРЕКТІК ҚҰНДЫЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС ОҢТАЙЛАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/UTID2654Тірек сөздер:
инновациялық жем, албырт, бахтах, ет-сүйек ұны, қызылша ұны, акваөсіру, экономикалық тиімділікАңдатпа
Мақалада албырт және бахтахтарға арналған жем құрамын оңтайландырудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Балық ұнының үлесін ет-сүйек ұны, қызылша ұны және басқа да жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен алмастыру арқылы жемнің өзіндік құнын төмендетуге болатыны көрсетілген. Бұл өзгерістер балықтардың өсуі мен денсаулығына кері әсер етпей, азықтың қоректік құрамын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды заттардың мөлшері анықталып, жемге ферменттік қоспа ретінде фитаза енгізілген. Нәтижесінде қоректік заттардың сіңімділігі артып, су ортасына фосфордың бөлінуі азайған. Өндіріс шығындарының 10-15%-ға қысқаруы бұл тәсілдің экономикалық тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, жергілікті шикізатты пайдалану импорттық тәуелділікті төмендетіп, тұрақты және экологиялық қауіпсіз акваөсіруге жол ашады.

