ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫНЫҢ ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/WODO9376Тірек сөздер:
Ұлыбритания құрылыс саласы, тұрақты даму, құрылыс реформалары, урбанизация, жасыл құрылыс, Құрылыс Ақпараттық Моделдеу (BIM), инновациялар, инфрақұрылым, тұрғын үй секторы, экологиялық тұрақтылықАңдатпа
Бұл мақалада Ұлыбритания елінің құрылыс саласындағы соңғы онжылдықтағы өзгерістері мен реформалары қарастырылды. Елдің құрылыс индустриясы урбанизация, технологиялық прогресс және жасыл құрылыс талаптарына бейімделіп, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерге елеулі ықпал етті. Зерттеуде құрылыс секторындағы жұмыс күшінің тапшылығы, тұрақты даму қажеттілігі және инновацияларға көшу процестері талданды. Құрылыс Ақпараттық Моделдеу (BIM) және толықтырылған шындық (AR) технологияларының құрылыс процестеріне енгізілуін жобалау мен құрылыс тиімділігін арттырып, экологиялық таза шешімдерді қабылдауға ықпал етті. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық және тұрғын үй секторының пандемиядан кейінгі қалпына келуін сипаттайтын статистикалық мәліметтер ұсынылады. Мақалада құрылыс саласының дамуындағы инновациялардың рөлі, қоғамдық және жеке сектордағы жобалардың өсу қарқыны, сондай-ақ саланың болашақтағы өсуіне қажетті тұрақты инвестициялардың маңыздылығы айқындалады.