МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ҮДЕРІСІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/UZWN8365Тірек сөздер:
мақта талшығы, дифференциалдық теңдеу, жылу энергиясының теңдеуі, қозғалыс теңдеуі, ағынның тұтастық теңдеуіАңдатпа
Мақалада мақта талшығын термиялық өңдеу процесінің физикалық моделі мен математикалық сипаттамасы қарастырылады. Негізгі назар жылу- және масса алмасу процесінің сыртқы есебіне ударылып, ылғалдың булануы негізінен талшық бетінде жүзеге асады деп есептеледі. Модель екі өлшемді дискретті координаталар жүйесінде: талшықтың ұзындығы мен қалыңдығы бойынша құрылған. Негізіне стационарлық ағын, ламинарлық шекаралық қабат және беткі булану үрдістерін ескеретін жылу және масса алмасу теңдеулері алынған. Әсіресе, буланудың салқындатқыш әсері – ішкі теріс жылу көзі ретінде көрінетін құбылыс ескеріліп көрсетілген. Ұсынылған модель термиялық өңдеу кезінде орын алатын жылу және масса алмасу кинетикасын, сондай-ақ шекаралық қабаттағы температура мен су буының концентрациясының өзгеруін сипаттауға мүмкіндік береді. Алынған теңдеулер мақта талшығын термиялық кептіру процесін талдау және оңтайландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

