ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫН ЖОБАЛАУ ҮШІН АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ILEO2861Тірек сөздер:
антропометриялық деректер, өлшемдер типологиясы, корреляциялық талдау, факторлық талдау, 3D-сканерлеу, эргономикаАңдатпа
Зерттеу әскери форманың дизайнын жақсарту мақсатында Қазақстан әскери қызметкерлерінің, әсіресе жастар тобының антропометриялық параметрлеріне арналған. Зерттеудің мақсаты – қазіргі заманғы эргономикалық және физиологиялық талаптарға сәйкес ғылыми негізделген әдіснаманы әзірлеу үшін негізгі антропометриялық детерминанттарды анықтап, жүйелеу. Әдістемелік маңыздылығы – онтогенетикалық динамиканы ескере отырып антропометриялық сипаттамаларды жүйелеудің инновациялық тәсілін дамыту және корреляциялық пен факторлық талдау негізінде өлшемдік типология моделін құру. Бұл форма конструкциясына әсер ететін негізгі көрсеткіштер мен олардың өзара байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық құндылығы – динамикалық антропометрияны және жас ерекшеліктерін ескере отырып, эргономикалық тұрғыда оңтайландырылған әскери формалар жасауға арналған ұсынымдар әзірлеуде. Алынған нәтижелер Қазақстандағы әскери қызметкерлерінің форма дизайнын автоматтандыру және өлшемдік типологияны жаңарту процесіне үлес қосуы мүмкін.

